Gold
Өйткені ҚҰДАЙ адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, МӘҢГІЛІК ӨМІРГЕ иеленеді. Жохан 3,16

Алтын түс киелі, мәңгі және кемелді Құдайға нұсқайды. Ол ауру да, азап та, жауласу да, соғыс та болмайтын аспанда тұрады. Ол жақта бізді қайғыландыратын ештеңе де жоқ. Құдай бізді, адамдарды жаратты. Ол бізді жақсы көреді және біз Онымен бірге көкте болуымызды қалайды.

Black
КҮНӘНІҢ беретіні – (мәңгілік) өлім. Римдіктерге хат 6,23

Алайда бір мәселе бар: Біз Құдай қалағандай өмір сүрмейміз, біз Оны жақсы көрмейміз және Оның өсиеттерін бұзудамыз. Жаман ойлар мен зұлым істер біздің жүрегімізден шығады. Қара түсті жүрек бізге осы туралы есімізге салады. Біздің күнәміз бізді Құдайдан ажыратады, сол үшін біз жазалануға тиістіміз. Күнә үшін жаза – бұл Құдайдан мәңгілік ажырау. Біз, адамдар, өздігімізден жағдайды түзете алмаймыз. Әлде де үміт бар ма?

Red
МӘСІХТІҢқұрбан болып, ҚАНЫ төгілуімен төлеміміз ӨТЕЛІП, біздер жамандықтың құлдығынан азат етіліп, күнәларымыз кешірілді. Ефестіктерге хат 1,7

Ия. Бізге, адасқан адамдарға үміт бар! Құдай жер бетіне Өзінің Ұлы Иса Мәсіхті жіберді. Оның бірде-бір күнәсі болған жоқ. Иса Мәсіх біздің мәңгілік жазаға ұшырататын күнәларымызды Өз мойнына алды. Оның қаны төгілді – оған қызыл түс нұсқайды – және біздің үмітіміз осында.

White
Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден ТАЗАРТАДЫ. Жоханның бірінші хаты 1,9

Ақ түсті жүрек – бұл пәктіктің бейнесі. Иса Мәсіхтің өлімі арқылы біздің күнәларымыз кешіріледі. Егер де сен Құдайдың алдында өзіңнің күнәларыңды мойындасаң және Оған өзіңнің өміріңді арнасаң, сонда Ол сені сөзіне сай кешіреді. Сонда сен Құдайдың алдында, осы жүрек сияқты, нұрланып ақ болып көрінесің.

Green
Қайта, Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің рақымына кенеліп, Оны жақынырақ танып білуде ӨСЕ БЕРІҢДЕР! Петірдің 2−хаты 3,18

Егер де сен Исаны өзіңнің Иең ретінде қабылдасаң, сен өсуге тиісті, жаңа туған сәбиге ұқсассың. Жасыл түс табиғаттағы дамудың белгісін білдіреді. Киелі кітапты жүйелі түрде оқып, Құдайға сиынып және мәсіхшілермен сұқбаттаса келе, сен сенімде өсе бастайсың. Сен Құдайдың осы сүйіспеншілігі мен рақымдылығына қуануына болады.